Спорт • Кеше

Астанада грэпплингтің әлемдік жұлдыздары бас қосады

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылғы 7-12 қазан аралығында Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 30 елінен 1800-ден астам адам қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада грэпплингтің әлемдік жұлдыздары бас қосады

фото Gov.kz

Чемпионат барлық жас топтары – U15, U17, U20, ересектер мен ардагерлер арасында Grappling және Grappling Gi бойынша өтеді.

 «Грэпплинг қазір бұқаралық спортқа айналды. Ол әлемдегі ең көне беделді спорт ұйымдарының бірі болып саналатын және халықаралық олимпиада комитеті мойындаған United World Wrestling халықаралық күрес федерациясының қолдауымен дамып келеді», деді еліміздегі Грэпплинг Қауымдастығының президенті, ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қанат Алин.

Айта кетейік, елорда әлем чемпионатын үшінші рет өткізгелі отыр. 2018 жылы грэпплингтен әлем чемпионаты алғаш рет Астанада өтті. 2019 жылы ол олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатының бағдарламасына кірді – грек-рим, еркін әйелдер күресі. Сондай-ақ, Қазақстан астанасы 2017 және 2023 жылдары Азия чемпионатын екі рет өткізді.

Жарыс 7-12 қазан аралығында Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше