Әншінің қазасы туралы хабарды журналист Оралхан Дәуіт Facebook парақшасында жазды.
«Қайран, Гүлнәр әпке…
Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз.
Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз…
Алла Тағалам о дүниеңізді берсін», деп жазды Оралхан Дәуіт.