Әдебиет • 05 Қазан, 2024

Мұқағалиға тіл тигізген блогер ақынның ескерткіші алдында кешірім сұрады

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзін рилсмейкер ретінде таныстырып жүрген Әлішер Теменов жарнама жасаған кезде ақын Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, сынға қалған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұқағалиға тіл тигізген блогер ақынның ескерткіші алдында кешірім сұрады

- Мұқағали Мақатаев, жалпы «жаловаться» ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай?» дейді. «Ей, сен бірінші жасасаңшы туған күніңді - сосын барамыз ғой», – деген блогер жарнамасында.

Кейін бұл сөзі үлкен шу туғызып, блогер кешірім сұрау үшін ақынның ауылына баруға мәжбүр болған.

- Қазақ елінің алдында жасап қойған үлкен бір еркелігімді аруақ кешірсін деген ниетпен дәл қазір Мұқағали атамыздың үйінің алдында тұрмын. Барша қазақ елінен жасаған үлкен қателігім үшін кешірім сұраймын, – дейді Теменов.