Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов саяси науқанға қатысты

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов республикалық референдумда өз таңдауын жасау үшін дауыс беру учаскесіне келді.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов саяси науқанға қатысты

Тараз қаласында орналасқан №82 референдум учаскесіне келген Олимпиада чемпионы саяси науқан туралы өз ойымен бөлісті.

«Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн екені анық. Саяси науқанда әр адамның таңдауы өз еркінде. Отандастарымыз елдің ертеңі үшін дауыс беріп жатыр. АЭС-тің пайдасы болса, салынуы тиіс, ал зияны бар болса, салынбағаны жөн деп есептеймін. Не болса да, елдің таңдауымен шешіледі. Дауыс берушілер өз таңдауын жасайды. Тәуелсіз елдің ертеңі талқыға түсіп жатқан референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Қарапайым қазақ баласы ретінде мен де таңдауымды жасадым. Әр қазақ маңызды науқаннан тыс қалмағаны дұрыс», деді ол.