22 Маусым, 2010

ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ АХУАЛ ӘЛЕМДІ АЛАҢДАТАДЫ

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республи­ка­сының Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлыны қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Келіссөздердің барысында Қа­зақстан-Түркия қарым-қаты­нас­­та­рын дамыту мәселесі тал­қы­ланды. Бұл ретте жоғары дең­гейдегі жыл сайынғы байла­ныстар маңызды рөл атқарады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қа­занда Түркияға және Түркия Республикасының Прези­денті Абдулла Гүлдің биылғы жылы ма­мырда Қазақстанға жасаған сапарларының қорытындылары екі жақты стратегиялық әріп­тестікті жаңа сапалы деңгейге жеткізгені атап өтілді. Кездесудің барысында ЕҚЫҰ мен АӨСШК ұйымдарына төр­аға­­лық етуші Қазақстан мен Түр­кия бейбітшілік пен тұрақ­ты­лықты орнықтыру үшін Қыр­ғызстанға көмек көрсету жөнінде күш-жігерін біріктіретіндігі туралы шешім қабылданды. Журналистерге арналған бри­финг­те сөз алған Ахмет Дәуіт­оғлы Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевқа Түркия Президенті Аб­дулла Гүл мен Премьер-ми­ни­стрі Реджеп Эрдоғанның сәлемін жет­кізді және Қазақстан көшбас­шысы Орталық Азия мен Еуразия өңіріндегі ең тәжірибелі басшы еке­нін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20