Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Ұлттық ұланның 52 сарбазы референдумда дауыс берді

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

№ 3502 әскери бөлімінің жауынгерлері маңызды іс-шарадан қалыс қалмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұланның 52 сарбазы референдумда дауыс берді

Оларды ертіп келген бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Нұржан Ибраев әскери бөлімдегі жас сарбаздар саяси науқанға түгел қатысқанын айтты.

Олардың арасында дауыс беру құқығын алғаш рет иеленіп жатқан жас сарбаздар да бар. Түркістан облысынан келген жас сарбаз Қуаныш Алғашбектің жасы 18-де.

«Бұл менің алғаш рет дауыс беруім. Референдумға қатысу әрбір азаматтың борышы деп ойлаймын. Азаматтық ұстанымымды білдіріп, Қазақстанның болашағы үшін жасалып жатқан бүгінгі референдумда дауыс беруімді өзім үшін маңызды қадам деп есептеймін», дейді ол.

Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген барлық қатардағы жауынгерлер арнайы саппен келіп, № 6656 әскери бөлімінде орналасқан № 38 сайлау учаскесінде дауыс берді.

д

 

Маңғыстау облысы