фото Алматы ӨКҚ
Нұрлан Оразалин №125 мектепте орналасқан №301 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
«Мен Қазақстан азаматы ретінде конституциялық құқығымды пайдаланып, дауыс бердім. Өйткені ел тағдыры – менің тағдырым, балаларымның, халқымның тағдыры. Бүгін біз үшін тарихи күн. Бұл референдум – демократиялық құндылықтың көрсеткіші. Қазіргі таңда бізге көптеген мүмкіндік ұсынылып отыр. Біздің елімізді бүкіл әлем бақылап отыр, сондықтан қазақстандықтар бірлік танытып, конституциялық құқығын дұрыс пайдалануы керек деп санаймын», деді ол.