Аймақтар • Бүгін, 14:14

Болашақ дәрігерлер де белсенділік танытты

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 жастағы  Мерей Рысмағанбетова Ақтөбе қаласындағы  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратында орналасқан № 56 референдум учаскесінде  алғаш рет дауыс берді деп хабарлайды Egemen.kz.

Болашақ дәрігерлер де белсенділік танытты

Ол осы оқу орнының медицина факультетінің 2-курсында оқиды.

«Мен  бүгін елімізде өтіп жатқан аса маңызды жалпыхалықтық  іс-шараға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бірге оқитын құрдастарымның да тұңғыш рет дауыс беруге келгенін атап өткім келеді.   Екі жыл бұрын Шалқар қаласындағы №3 мектепті «Алтын белгімен»  бітіріп, өзім таңдаған оқу орнына түстім. Болашақта хирургия саласын таңдап,  халқымның алғысын алатын жақсы маман болып қалыптасқым келеді. Ол үшін әрине көп ізденіп, көп оқу керек», дейді  болашақ дәрігер.

№56 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Әлима Мұхамбетғалиеваның айтуынша, осы аумақта  2200 дауыс беруші тіркелген.

Таңғы уақытта келушілер қарасы көбейді. Комиссияның жеті мүшесі тұрғындарды құжат бойынша тексеріп, бюллетеньдерін беріп отыр. Осы учаскеде референдумның өту барысын сегіз бақылаушы қадағалайды.

Бүгін Ақтөбе қаласындағы №175 референдум учаскесінде 343 мың тұрғын дауыс береді деп жоспарланған. Осы кезге дейін өңірде заң бұзушылықтар трікелген жоқ.