Халықаралық миссиялардың қызметкерлері референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның қызметкерлерімен бірнеше рет кездесіп, референдум өткізу жөніндегі учаскелік және округтік комиссияларға барды. Әсіресе табиғи апаттан зардап шеккен өңірлер басты назарда болды. Ондағы халықтың науқанға атсалысуы, учаскелердің дайындығы мен халықаралық стандартқа сай өтуі қадағаланды.
ТМД байқаушылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және АӨСШК өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен 74 адам аккредиттелді. Бұған қоса миссияның құрамына ТМД Атқару комитетінің қызметкерлері кіреді.
ТМД елдерінен келген 74 байқаушы елдің 9 өңіріндегі дауыс беру учаскелеріне барды. Бұл – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары.
Атом электр стансасын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс беру референдумдар мен сайлау науқандарын өткізуді регламенттейтін елдің ішкі заңнамасына сәйкес өтті. Қазақстанда бұған дейін өткен сайлау науқандарына бақылау жүргізу тәжірибемізге сүйене, заң бұзушылық болмайды деп болжадық. Референдумға қатысқан азаматтардың белсенділігі мен мәдениеті жоғары деңгейде екенін байқадық.
Леонид АНФИМОВ,
ТМД байқаушылар миссиясының басшысы