Фото: Жетісу облысы ПД
Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен тасжолының 239-шақырымы тұсында Toyota Camry және Камаз соқтығысқан. 3 адам қаза тауып, 1 адам ауыр жарақат алған.
«Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр», деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.