Таным • 08 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: 100 жыл кешігіп жеткен хат

55 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1916 жылы жолданған хат 2021 жылы Лондонның Кристал Палас ауданында тұратын театр режиссері Финли Гленнің пәтеріне келген.

Ғалам ғажаптары: 100 жыл кешігіп жеткен хат

Глен: «Хаттың 100 жыл бойы сақталып, маған жеткеніне таңым бар», дейді. Ал Ұлыбритания Корольдік поштасы хат орта жолда жоғалып кеткен болуы мүмкін деген болжам айтады. Британдық пошта қызметі туралы заңға сәйкес, басқа адамға жіберілген хат-хабарларды ашып оқу қылмысқа жатады. Алайда Глен хат 100 жыл бұрын жіберілгендіктен, оны ашуға болады деп шешкен. «Егер бұл қылмыс болса, мен тек кешірім сұрай аламын», дейді ол. «Қымбатты Кэти» деп басталатын хатты Освальд Марш деген азамат жарына жолдаған екен. «Бұл хаттың дәл маған жеткені қызық, әрине. Егер, ол адамның туыстары, ұрпағы бар болса, хатты менен алуына болады», дейді Глен.

 

«Жұмысқа келмейтін депутат»

ва

Ёсикадзу Хигаситани 2022 жылы Жапонияның Сенат депутаты болып сайланған. Алайда ол жоғары лауазымға ие болған күннен бастап бірде-бір рет Парламент отырысына қатыспаған.

«Жұмысқа келмейтін депутат» деген лақап атқа ие болған азамат Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрады. Сондай-ақ ол YouTube желісінде GaaSyy деген атпен танымал. Блогер жұмысқа келудің орнына желіде жүрген-тұрғанын салып, өзге әріптестерінің ашуына тиген. Ол бірнеше мәрте ескерту алса да, құлағына ілмесе керек. Содан кейін сенат депутаттары бірауыздан оның өкілеттігін тоқтатуға дауыс берген. Ёсикадзу Хигаситани – Жапониядағы кейінгі 70 жылда мандатынан айырылған жалғыз депутат.

 

Маск Марсқа жібереді

па

SpaceX компаниясының негізін қа­лаушы Илон Маск алдағы екі жылда Марсқа бес ұшқышсыз миссия­ны жіберуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер осы бес кеме сәтті қонса, адамдардың Марсқа баруына жол ашылады. Ал қиындық туып жатса жоспар тағы екі жылға кейінге шегеріледі. Өйткені кемелерді жерден қызыл ғалам­шарға тек 2 жылда бір рет жіберуге болады. Кәсіпкер қандай қиындыққа тап болса да, Марсқа ұшу жиілігін арттыруды жоспарлап отырғанын айтты. «Біз кез келген адамға ғарышқа саяхаттау мүмкіндігін бергіміз келеді», – деп жазды Илон Маск өзінің твиттер парақшасында.