Инвестиция • 08 Қазан, 2024

Жиһаз өнеркәсібіне 8 млрд теңге инвестиция

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің жиһаз өнеркәсібінің инвес­ти­ция­лық портфелі құны 17 млрд теңгеден асатын 9 жобаны қамтиды. Оларды іске асыру арқылы шамамен 1000-ға жуық жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы «QazIndustry» Индустрия және экспорт орта­лығының жобаларды іске асыруға мони­­торинг жүргізу және талдау дирекциясы хабарлады.

Жиһаз өнеркәсібіне 8 млрд теңге инвестиция

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Аталған жобалардың ішін­дегі құны 9,2 млрд­ теңге болатын 4 жоба биыл Түр­кістан облысын­да іске қо­сыл­ды. Жаңа өндірістер 375 адам­ды жұмыспен қамтыды. Өнім­­дердің негізгі бөлігі ішкі на­рыққа бағытталған.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Павлодар облысында бір жо­баны іске қосу жоспарланып отыр. Құны 388 млн теңге бо­латын кеңсе мен мектеп жи­һаздарын өндіру жобасы ая­сында шамамен 30-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіледі.

Жүзеге асыру кезеңінде Шымкент қаласында құны 800 млн теңгені құрайтын 3 жоба бар. Олардың ішін­де жиһаз, меди­циналық жиһаз бен металл шкаф­тар өндірісі бар. Бұл ны­­сандардың ашылуы 102 адам­­­ды жұмыспен қамтамасыз ету­ге мүм­кін­дік бе­ре­ді. Жаңа кәсіп­­орындар өнімінің 9%-ға жуы­­­ғын алыс-жақын шетелдерге экспорттау жоспар­ланып отыр.

Сонымен қатар Абай облысында жалпы құны 7,5 млрд теңгеге, 530 жаңа жұмыс орны құры­латын корпустық кеңсе жиһазын өндіру жобасын іске асыру жоспарлан­ған. Жобаның негізгі инвес­торы – Қытай Халық Респуб­ликасы. Осылайша, жос­­парланған 5 жобаны іске асыру барысында жиһаз өнеркәсібінің негізгі капиталына тағы 8 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылады.