Пікір • 08 Қазан, 2024

Халық таңдауы жаңа белеске шығарады

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық референдум комиссиясы АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

Халық таңдауы жаңа белеске шығарады

Сурет: www.gov.kz

Соған сәйкес референдумға қатысқан азаматтардың 71,12 пайызы аталған мәселені қолдап дауыс бергені белгілі болды. Осылайша, отандастарымыз өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты стратегиялық шешімді демократиялық жолмен қабылдады.

Бұл оқиға Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан қалып­тастыру жолындағы бағдарын халық­тың қолдайтынын тағы бір көрсе­тіп берді. Сондай-ақ референдум «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жасалған кезекті нақты қадамдардың бірі екені сөзсіз. Ал оған азаматтардың белсенді қатысуы еліміз­де жаңа саяси мәдениеттің орныға түскенін білдіреді.

Жалпы, атом электр стансасы – тұрақ­ты және таза қуат көзі. Бұл энергия тапшылығын азайту және экономикалық даму жолында айрықша маңызға ие. Сондықтан осы референдум және халық қабылдаған шешім елімізді жаңа белеске шығарады деп сенеміз.

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Сенат төрағасы