Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталған.
Анықталғандай, күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 келіден астам есірткі заттары тәркіленген.
Аталған қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының жіті бақылауында екені хабарланды.