Қазақстан сайлау құқығы толық іске асырылып жатқан елдің жақсы үлгісі бола алады. Әр учаскеде кем дегенде 10 бақылаушы кезекшілікте болды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.
Мен бір учаскеде тұрғындардың кішкентай балалармен бірге келгенін көріп қатты таңдандым. Олар дауыс бере алмайтындары рас қой, алайда ата-аналары дауыс бергенде қуанышты жүзі байқалды. Бір учаскеде олар бізді балалармен бірге суретке түсіріп алды. Үлкені де, кішісі де дауыс беруден хабардар, осындай жағдайлардан қазақ халқының еркін екенін, өзінің үлесін қосқыны келетінін аңғаруға болады.
Дауыс беру барысында, тіпті, болмашы да заң бұзушылық орын алған жоқ. Учаскелерде дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Ел тұрғындары өз еріктерімен таңдау жасағанына сенімдімін.
Мазаир ПАНАХОВ,
Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы