Экономика • 08 Қазан, 2024

Дала өртіне қарсы техникаға 52 млрд теңге бөлінді

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстандағы орман аумақтарын сақтау және ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Дала өртіне қарсы техникаға 52 млрд теңге бөлінді

Фото: еgemen.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың дерегінше, Қазақстанда кейінгі 5 жылда орман алқаптарының ауданы 267 мың гектарға ұлғайтылған. Сондай-ақ орманды қорғау мекемелерін техникамен қамту, орман шаруашылығы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

«Мәселен, өткен жылы техника мен жабдықтарды сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттерден 15,9 млрд теңге бөлініп, 526 бірлік өртке қарсы және патрульдік техника сатып алынды. Биыл еліміздің орман шаруашылығы тарихында алғаш рет 1384 бірлік өртке қарсы техника мен 921 бірлік тіркеме және аспа жабдықтарын сатып алуға 52 млрд теңге, оның ішінде лизинг есебінен – 40 млрд теңге бөлінді. Бұл шаралар еліміздің өртке аса бейім өңірлеріндегі орман қорғау мекемелерінің жарақтандырылуын 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», деді Ерлан Нысанбаев.

Еліміздегі 900 мың га мемлекеттік орман қоры орман өрттерін ерте анықтау жүйелерімен қамтылған. Келесі жылы 3,1 млрд теңге сомасына осындай жүйе «Семей орманы» резерватында енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Министрліктер мен әкімдіктердің 12 мекемесі аталған жүйені 24 млрд теңге мөлшерінде лизингтік қаржыландыру есебінен орнатады.