Фото: Спутник.кз
Қалалық білім басқармасының мәлімдеуінше, оқиға бүгін, сағат 12:25 шамасында болған. Мектептің 10-сынып оқушысы ойнап жүріп арнайы құтыдағы газды (перцовый баллончик) шашқан. Салдарынан өзге оқушылар өзін жайсыз сезінген.
Мектеп әкімшілігі алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң, білім алушылар жедел жәрдем көлігімен Шымкент қалалық токсикологиялық ауруханасына жеткізілген.
«Оқыс жағдайдан кейін оқушылар үйіне қайтарылды. Қазір жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектеп ғимараты зарарсыздандырылған. Мектепте оқу процесі 1 ауысымда жүргізілетін болғандықтан, оқу ертең жалғастырылады», делінген қалалық білім басқармасы таратқан хабарламада.
Тұран аудандық полиция бөлімі мектепке арнайы құтыдағы газды алып келген оқушыны тергеуге кіріскен.