Фото: muftyat.kz
Inbusiness.kz сайтында хабарланғандай Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысынан кейін ҚМДБ төрағасы «Түркістан облысына сапарлаған кезінде жергілікті имамдардан ақша жинатты» деген мағлұмат туралы пікір білдірген.
«Облыстың бас имамы ақпарат беттерінде өзінің жауабын айтты. Дегенмен, мүфтияттан арнайы комиссия жіберіп, ақ-қарасын анықтаймыз. Кейін соның қорытындысын жариялап айтамыз», деген Бас мүфтидің айтуынша оның өз басы ешкімге іссапарға байланысты ақша жинау туралы нұсқау бермеген. «Алла сақтасын! Ондай болмаған да, болмайды да», деді Наурызбай қажы Тағанұлы.