Спорт • 09 Қазан, 2024

Жарыстар күнделігі

61 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мажарстанның Сомбатхей қала­сында спорттық гимнас­шы­лардың Әлем кубогінің кезеңдік сайысында Қазақ елінің әнұраны екі мәрте шырқалды. Қолды тіреп жасалатын жаттығуда Дарья Ясинская алтыннан алқа тақса, ерлердің бәсекесінде Асан Сәлімов алдына жан салмады.

Жарыстар күнделігі
  • 9-14 қазан аралығында жартасқа өрмелеуден Қы­тайдың Тайан қаласында Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста Әмір Маймұратов, Бекнұр Ал­тынбеков, Жандос Қалибай, Дамир Тоқтаров, Ришат Хайбуллин, Жандос Қалибай, Тамара Ұлжабаева, Әсел Марленова, Азат Майкөтов, Маргарита Ағамбаева, Дарья Кузьменко, Елизавета Литус сынды отандық спортшылар өнер көрсетеді.
  • Бейжіңде теннистен жас­өспірімдердің ITF J300 China Open тур­нирі өз мәресіне жетті. Өз қа­тар­­ластары арасында әлемнің 15-ракеткасы атанып отырған Әмір Омарханов бұл бәсекеде бас жүл­дені олжалады. Финалда ол бри­таниялық Оливер Бон­динг­тен басым түсті – 6:0, 6:4. Сөйтіп, қандасымыз жекелеген сайыстардағы алтыншы титулына қол жеткізді. Бұған дейін Әмір Таиланд (J300), Оңтүстік Корея (J300), Мысыр (J100), Грузия (J60), Қарағандыда (J60) өткен турнирлерде топ жарған.
  • Еліміздің танымал кәсіп­қой боксшысы Ан­гелина Лукас (10-1, 5 КО) Банг­кокта ұйымдастырылған турнирде аргентиналық Де­борой Анаи Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің шешімімен же­ңіске жетіп, IBO нұсқасында екінші аса жеңіл салмақтың чемпиондық белбеуін иеленді.
  • Бұл күндері Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. 26 мемлекеттен келген 210 үміткер бақ сынап жатқан дүбірлі додада Қазақ елі намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Ескендір Харки, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Мірқадырова, Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская қорғайды. Жарыс 13 қазанда аяқталады.
  • Көру қабілеті нашар шахматшылар арасындағы әлем чемпионатын биылғы жылы Үндістанның Бангалор шаһары қабылдады. Жастар арасындағы жарыста Нұрғиса Қуанышұлы 9 кездесуден кейін 6 ұпай жиып, қола медальды иеленді. 
  • 11 қазанда Әбу-Дабиде шы­мыл­дығы түрілетін Grand Slam тур­нирінде еліміздің 13 дзю­дошысы та­тамиге шығады. Олар – Әбиба Әбужа­қынова (48 кг), Есмигүл Куюлова (63 кг), Назгүл Ма­ра­това (+78 кг), Карина Тәкиева (+78 кг), Мағжан Шамшадин (60 кг), Дәу­рен Сүйекенов (60 кг), Әділбек Берікұлы (66 кг), Дархан Қойбағар (73 кг), Ермек Амангелді (73 кг), Жалғаc Қайролла (81 кг), Рус­лан Мұсаев (81 кг), Әді­лет Са­парғалиев (100 кг), Мәди Еділбаев (+100 кг).