Сурет: religions-congress.org
Дін көшбасшыларының үні – қай заманда да ардың үні болған. Қазіргі таңда да бұл қағида өзгерген жоқ. Сондықтан біз әрдайым адамзат баласын бейбітшілікке шақыруда, рухани құндылықтарды сақтауда майданның алғы шебінде жүруіміз керек. Бүгінгі жиынымыз да – соның бір қадамы. Өйткені тыныштықты сақтауға, ынтымақтың орнауына үлес қосу – Құдай жолындағы ізгі іс. Қазақстан 20 жыл бұрын осындай Құдай жолын таңдады, оны сәтті жүзеге асырып келеді. Біз әрқайсысымыз сіздердің бастамаларыңызға өз тарапымыздан үлес қосуға дайынбыз. Кейінгі кездері әлемде болып жатқан жағдайға қарасақ, аталған проблемаларды шешуде діннің орнын ештеңе айырбастай алмайды. Әзірге саясат та, дипломатия да қауқарсыз болып тұр. Сондықтан өз күш-жігерімізді қосып, бейбіт заманның орнауы үшін әрекет етуіміз керек.
Бүгінгі осы проблемалардың негізгі себептерінің бірі де – адамзат баласының діни құндылықтардан алыстап кетуінде. Көп адам дінді өткен шақ деп ойлайды. Ал діннен алыстаған мәдениет пен өзара сыйластықтан да алыстайды. Біз қазір соның жемісін татып отырмыз. Осы келеңсіздіктің алдын алу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді іргелі жиындардың мәні зор.
Илья КАШИЦЫН,
Мәскеу патриархаты сыртқы шіркеу байланыстары бөлімінің хатшысы (Ресей)