Фото:nobelprize.org
.Вашингтон университетінің профессоры Дэвид Бейкер «ақуыздың компьютерлік дизайнын жасағаны үшін» сыйлықты иеленді. Оның ғылыми еңбегі ақуыздың мүлде басқа түрлерін түзуге жол ашады.
«Google-ға қарасты Google DeepMind компаниясының қызметкерлері Демис Хассабис және Джон Джампер ақуыздың барлық түрінің құрылымын болжау үшін жасанды интеллектіні қолданған. Мұндай жаңалықтың потенциалы зор», деп жазылған Нобель комитетінің сайты таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Нобель сыйлығының лауреаттарына алтын медаль, диплом мен 11 млн швед кроны көлемінде ақшалай сыйлық (биыл оның көлемі шамамен 1,1 млн доллар) беріледі.