Елорда • 11 Қазан, 2024

«Өмір ағашы»: Елордада жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Бейбітшілік және келісім паркі» атты жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өмір ағашы»: Елордада жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл кеңістікте «Жұлдызды аспан» туннелі, «Өмір ағашы» ескерткіші, Каскадты сарқырама қарастырылған.

Жобаның негізгі идеясы – ортасындағы жапырақты емен ағашы бар күмбез түрінде жасалған «Өмір ағашы»  ескерткіші.

Тұжырымдамалық табиғи-рекреациялық аймақты құру әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орайластырылған. Саябақ тұжырымдамасы Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті білдіреді.

Қоғамдық кеңістік Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында, Есіл өзенінің бойында орналасқан.

Айта кетсек, жыл басынан бері қала бойынша барлығы 170 қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылған. Жұмыстың басым бөлігі аяқталған.