Спорт • 11 Қазан, 2024

Grand Slam: Әбиба Әбужақынова жартылай финалға өте алмады

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam сериясы турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

 

Grand Slam: Әбиба Әбужақынова жартылай финалға өте алмады

Фото: Olympic.kz

Айта кетейік, Әбужақынова сынға түсетін әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде небәрі тоғыз қатысушы тіркелген. Отандасымыз турнирді тікелей 1/4 финалдан бастаған. 


Әбибаның қарсыласы ресейлік  Марина Воробьева болды. 

Жекпе-жек қарсыластың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталған. Енді Әбужақынова  жұбаныш раундында сынға түседі.