Әлем • 11 Қазан, 2024

Пәкістанда шахтаға жасаған шабуылдан 20 кенші қаза тапты

753 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында содырлардың жеке көмір шахтасына жасаған шабуылы салдарынан 20 кенші қаза тауып, тағы жетеуі жараланған, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Пәкістанда шахтаға жасаған шабуылдан 20 кенші қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Reuters агенттігінің хабарлауынша, содырлар шахта жұмысшыларын бір жерге жинап, кейін оларға оқ жаудырған. Шабуылшылар тау-кен техникасын да өртеп жіберген.

«Бір топ адам таңда Дуки ауданындағы «Джунаид» көмір компаниясының шахталарына ауыр қарумен шабуыл жасады»,  деді полиция бөлімшесінің офицері Хумаюн Хан. 

Сарапшылар бұл шабуылдың соңғы апталардағы ең сорақысы екенін және елде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Еуразиялық тобының саммитін өткізуге бірнеше күн қалғанда жасалғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Белуджистан бірнеше ондаған жылдар бойы белудждік бүлікші топтарының мемлекетке қарсы соғысып жатқанына алаңдаулы.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше