Архив • 12 Қазан, 2024

Орталық мемлекеттік архив қызметімен танысты

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Орталық мемлекеттік архивте болды.

Орталық мемлекеттік архив қызметімен танысты

Сурет: ru.freepik.com

Ерлан Қарин Үкіметтің «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жыл­дарға арналған кешен­ді іс-шаралар жоспары аясын­да көптеген жұмыс атқарыл­ғанын атап өтті. Соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей архив құжаттарын цифрландыру үшін ауқымды іс-шаралар қолға алынды.

Орталық мемлекеттік архивтің директоры Сәбит Шілдебай архив құжат­тарын сақтау және есепке алу тәртібі туралы баяндады. Сонымен қатар ғасырдан астам уақыт тарихы бар мекеме аса құнды құжаттар мен материалдар қорын жинақтағанын айтты.

Мемлекеттік кеңесші еліміздің архив ісін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.