Заң • 12 Қазан, 2024

Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шара қабылданады - Бас прокуратура

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талғарда қатыгездікпен өлтірілген Шерзат Болаттың отбасына тиесілі үйдің өртке орануына байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шара қабылданады - Бас прокуратура

Жоғары бақылаушы орган кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шара қабылданатынын айтқан.

«Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шара қабылданады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды», делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның отбасын полиция күзететінін жазғанбыз.