Өнер • 12 Қазан, 2024

Белгілі әнші-композитор Рамазан Елібаев дүние салды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаев қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі әнші-композитор Рамазан Елібаев дүние салды

Рамазан Елібаев 1947 жылы дүниеге келген. Ол — белгілі қазақ әншісі және композиторы, «Нұрекем», «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пая» әндерінің авторы және орындаушысы.

«Көздер-ай», «Жас ұлан», «Балалық қайран бал шағым», «Көңіл күйі» т.б. «Гүлдер» ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Әнші бір жыл бұрын 3-дәрежелі «паркинсон» дертіне шалдыққан еді.

Өнер қайраткерінің қазасы туралы хабарды балалары жариялады.

Марқұмның жаназасы 13 қазан күні Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте шығарылады.