Фото: mzdrav.rk.gov
Павлодар тұрғыны 16 жылдан бері психоневрологиялық орталықта еш себепсіз жатқан. Оның мамандандырылған мекеменің қамқорлығына 2008 жылы сот шешімімен орналастырылғаны белгілі болды.
«Прокуратураның араласуынан кейін ғана тартылған мамандар денсаулық жағдайының оң динамикасын атап өтті, ал орталық қызметкерлері оны назардан тыс қалдырған», делінген прокуратура хабарламасында.
Оқиға байланысты сот Павлодар ауданы прокурорының талап арызы бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізгеннен кейін, жоғарыда аталған адамды әрекетке қабілетті деп таныған. Сондай-ақ психоневрологиялық орталық қамқорлығының күші жойылып, кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.