Заң • 15 Қазан, 2024

Шерзат Болаттың өліміне қатысты жалған ақпарат тергеуге кедергі келтіреді

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысында Талғардағы қайғылы оқиғаға байланысты брифинг өтті. Брифингте Шерзат Болаттың өліміне қатысты жүргізіліп жатқан тергеу барысы жария етілді, деп жазады Egemen.kz.

Шерзат Болаттың өліміне қатысты жалған ақпарат тергеуге кедергі келтіреді

Тергеуге қатысты көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға Алматы облысының прокуроры Берік Адамов жауап берді. 

Прокурордың айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеу сатысында ешқандай заңбұзушылық анықталмаған.

«Біздің тарапымыздан тергеу іс шараларының заңдылығы мен толықтығы қамтамасыз етілді. Сот процесінің ашықтығы жөнінде мәселе бойынша прокуратура сотқа өтініш хат енгізуді қарастырып жатыр», деді Берік Адамов.

Айта кетейік, осы брифингте ІІМ өкілі алып-қашпа мәлімет пен ақпараттық қысым - Шерзат Болаттың өліміне қатысты істің тергелуіне кедергі келтіретінін ескертті.