Тарих • Бүгін, 15:10

Түркістан облысында 1353 жылы жасалған қол диірмені табылған

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы, Келес ауданында №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ауласынан 1353 жылы тастан жасалған қол диірмендері табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 1353 жылы жасалған қол диірмені табылған

фото Түркістан облысы әкімдігі

Мектеп басшысының айтуынша мектептің тарихи-археологиялық мұражайына  ауладан табылған құнды жәдігерлер,  ХVІІІ-ХІХ ғасырларға тиеселі ағаш шоқпар мен ожау, ежелгі қаңлы дәуіріне тиеселі саз балшықтан жасалған құмыралар мен ыдыстар, көне монеталар мен қоладан жасалған шәйнек, кесе секілді тұрмыстық заттар қойылған.

«Мұражайда жалпы 152 жәдігер бар. Балалар осы көне заттарды зерттеп, ғылыми  жұмыстар жазады»,  дейді мектеп директоры Ақмарал Қамбарова.

Тарихшылардың зерттеуінше ауыл маңынан табылған тарихи экспонаттар біздің заманымыздың I-XIII ғасырлардағы Қаңлы мемлекеті мен Қарахан мемлекеті кезеңдеріне жатады.