Брифингте ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов сөз сөйледі.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар күдіктілер туралы мәліметтерді айтты.
Оның айтуынша бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылған. Сондай-ақ, олардың бәрі кәмелет жасқа толғаны, олардың әрқайсының бір-бірімен байланысы мұқият тексерілетіні айтылды.
«Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу заң аясында ашық жүргізіледі. Біз істі аяғына дейін жеткіземіз. Бірде бір кінәсі дәлелденген қылмыскер жазасыз қалмайды», деді прокуратура өкілі.