Саясат • 16 Қазан, 2024

Мәдениет ықпалдастығын арттыратын кездесу

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасянмен кездесті.

Мәдениет ықпалдастығын арттыратын кездесу

Кездесу Қазақстандағы Арме­ния­ның мәдениет күндері аясында ұйымдастырылды. Бұл екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуда маңызды қадам болды.

Кездесу нәтижесінде 2025–2026 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзара байланыс жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Құжат музейлер, шығармашылық ұжымдар, суретшілер арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ жастар саясаты мен волонтерлік қызметті дамытуға арналған.

Сонымен қатар Жанна Андреасян Арменияның мәде­­ниет күндерін өткізуге атсалыс­­­қа­ны үшін Қазақстанға алғыс біл­діріп, көрнекті армян режис­сері Сергей Параджановтың 100 жылдығына орай маңызды іс-шара болғанын атап өтті.

Кездесу соңында министрлер музей және мұрағат ісі сала­сындағы ынтымақтастыққа, сон­дай-ақ өнер және деректі, көр­кем фильмдер түсіру сала­сындағы серіктестікті дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады.