Қоғам • 17 Қазан, 2024

30 мың балаға көмек көрсетілді

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» КҚ арқылы биылғы 9 айда көмек алған бала саны осындай болып отыр.

30 мың балаға көмек көрсетілді

«Бақытты балалық шақты қамтамасыз ету – біздің, ересектердің басты міндеті. Осы орайда, міне, бірнеше жыл бойы қорымыз балалардың сенімді серігіне айналғанын айтқым келеді. Әсіресе ерекше балаларға қоғамда тең мүмкіндік жасау қажет», дейді «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева.

ап

Мәселен, қор осы жылы Балаларды қорғау күні «Samruk Charity Marathon» қайырымдылық марафонында краудфандинг тәсілін қолдану арқылы 1000-ға тарта азамат пен 30-дан астам компаниядан 126,7 млн теңге жинай алды. Нәтижесінде, жаңа оқу жылы елорданың 5 бір­дей мектебінде инклюзияны қолдау каби­неттері ашылып, 150-ден астам ерекше бала қатарластарымен бірге мектепте оқып жатыр. Қор басшылығы қоғам мен бизнес өкілдерін алдағы уақытта да осындай бастамаларға бел­сенді үн қосуға шақырады.

пр

Бұдан бөлек, қор қолдауымен, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жұмысы аясында өңірлерде 14 мыңнан астам жеткіншекке жоғары білікті дәрігерлер тегін әрі сапалы қызмет көрсетсе, саны 40-тан асқан оңалту орталығы да мүгедектігі бар балалар мен олардың ата-аналарына тұрақты қолұшын созып келеді. Жаз бойы танымдық, саяхат лагерьлері жұмыс істеп, өскелең ұрпаққа қажет білім, медицина, бұқаралық спорт, мәдениет саласындағы өзге де жобалар жалғасын тауып отыр.