Аймақтар • 17 Қазан, 2024

2035 жылға қарай Шымкент тұрғындарының саны 2 млн-ға жуықтайды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1897 жылы қала халқының саны небәрі 10-15 мың адам болса, 1939 жылға қарай 75 мыңға дейін өсті. Кеңестік кезеңде ірі зауыттардың ашылуы халық санының 400 мыңға дейін өсуіне ықпал етті. 2018 жылы Шымкент Астана және Алматымен қатар республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, миллионнан астам халқы бар қалалардың біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.

2035 жылға қарай Шымкент тұрғындарының саны 2 млн-ға жуықтайды

Фото: inbusiness.kz

Бүгінгі таңда Шымкент тұрғындарының саны 1 миллион 200 мың адамға жуықтаған. Ал 2035 жылға қарай қала тұрғындарының саны 1 миллион 900 мың адамға дейін өседі деп жоспарланған.

«Халықтың тығыздығы коммуналдық қызмет шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді, ал ауа мен су сапасы сияқты экологиялық проблемаларды шешу негізінен басқару мәселелерімен байланысты. Қаланың әрі қарай дамуы үшін тұрақты және сапалы басқару қажет. Соған қарамастан, Шымкент өзінің қолайлы климатының, ыңғайлылығының және жасыл желектің көптігінің арқасында өмір сүруге жайлы қала болып қала береді. Мен Шымкентті еліміздің ең әдемі қалаларының бірі деп есептеймін», дейді сарапшылар.

Сонымен қатар қала тұрғындарының этникалық құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап жатыр. Бұрын Шымкентте өзге ұлт өкілдері басым болса, қазір халықтың 70 пайызын қазақтар құрайды. 

Айта кетерлігі, Шымкент қалалық ПД көші-қон қызметінің бөлімшелерінде 42 654 шетелдік уақытша тіркеуге тұрса, оның ішінде ең көп – 39 418 адам Өзбекстаннан келген.