Елорда • 17 Қазан, 2024

Жылыту маусымы: Астанада жер үйлердің қауіпсіздігі тексерілді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жылыту маусымы кезеңінде жер үйлер мен барак үлгісінде салынған баспаналардың жылыту жүйелері тексерілді, деп жазады Egemen.kz.

Жылыту маусымы: Астанада жер үйлердің қауіпсіздігі тексерілді

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев 20 қыркүйектен бастап осы санаттағы баспаналар мен жатақханалардың  714-і тексерілгенін айтты. 

Алда осындай 351 баспананың жылу жүйесіндегі қауіпсіздігі тексерілмек. 

Департаменттің есебінше, қазіргі уақытта аулаларды аралаумен толық қамтылған 750 әлеуметтік осал топтағы отбасы бар. 168 үйде көміртегі тотығы датчиктері орнатылған болса, қалған 582 үйде сыртқы тексеру және батареяларды ауыстыру жүргізілген.

«15 тамыздан бастап жылыту кезеңіне дайындық шеңберінде 4 265 үй профилактикалық аралаумен қамтылды, 8 мыңға жуық бұзушылық анықталды (олардың ішінде 24%-ы жылыту жүйелеріне және 35%-ы электр энергиясына қатысты), оның 2 150-і сол жерде түзетілді. Департамент анықталған бұзушылықтардың орындалуын бақылауды қарастырмайтынын атап өткен жөн», деді Мадияр Мырзагелдиев.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025