Аймақтар • 17 Қазан, 2024

Шымкентте құтқарушыларға арналған мұрал пайда болды

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар күні қарсаңында Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне  құтқарушыларға арналған арт-нысан салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте құтқарушыларға арналған мұрал пайда болды

Фото: ҚР ТЖМ

Мұрал Шымкент қаласының орталығында, көпшіліктің назарына түсетін аймақтардың бірінде орналасқан. Құтқарушылардың жұмысы әрқашан қауіпті жағдайлармен байланысты болғандықтан, мұралда өртті сөндіру және төтенше жағдайлардан адамдарды құтқару сәті бейнеленген.

Муралды Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен жергілікті «KORINIS WALL» компаниясының ұжымы жасаған. Суретшілер мұралды салу үшін 4 күн жұмыс істеген.

ҚР ТЖМ қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан бұл бейне қазіргі заман қаһармандарының қызметін насихаттап тұрғанын, оларға деген құрметтің көрінісі  екенін атап өтті.