ANTIKOR • 17 Қазан, 2024

Алаяқтық жасаған астаналық бас бостандығынан айырылды

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғыны С.Ж. Әбдікәрімовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтық жасаған астаналық бас бостандығынан айырылды

Фото:astana.sud.kz

Айыпталушы Солтүстік Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқаны үшін, сондай-ақ  мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларына беремін деп 250 мың АҚШ доллары сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылған.

«Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.