Аймақтар • 21 Қазан, 2024

Теміртауда тәрбиеші балабақшаға ішімдік ішіп келген

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 қыркүйек күні Теміртаудағы «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі жұмысқа мас күйде келген, деп жазады Egemen.kz.

Теміртауда тәрбиеші балабақшаға ішімдік ішіп келген

Фото: basta.kz

Ол балабақша тәрбиеленушілеріне агрессия көрсеткен. Тәрбиешінің бұл күйін құпия қоңырау шалған кісі құзырлы органға жеткізген. 

Бұл туралы Теміртау қалалық білім бөлімі хабарлады. 

Полицейлер тәрбиешіге медициналық тексеру тағайындаған. Тексеру оның орташа ауырлықтағы мас күйде екенін анықтаған. 

«Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша тәрбиеші педагогикалық этиканы өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылды. Балабақша директорының міндетін атқарушы да қызметінен босатылды», делінген Теміртау қалалық білім бөлімінің хабарламасында.

Балабақшаны тексеру барысында асханадан ішімдік табылмаған.