Фото: ашық дереккөз
«Соңғы кездері жүргізушінің тынығу режимінің бұзылуы, рейс алдында медициналық және механикалық тексеруден өтпеуі, міндетті сақтандырусыз жолаушылар тасымалдауы салдарынан жол апаты көбейді. Елімізде «InDriver», «Яндекс» такси бағдарламасын мобильді қосымшаға тіркеу арқылы қаншама көлік жолаушыларды тасымалдайды. Алайда ол азаматтар бекітілген Ұлттық стандартқа, такси тасымалдаушыларына және қызмет көрсететін такси автокөліктеріне қойылатын талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктермен жолға шығады», деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.