Оқушылар арасындағы буллинг – қазіргі заманның ең үлкен әлеуметтік мәселелердің бірі. Миллиондаған бала буллингтің құрбаны болып, зардап шегіп жүр. Олардың көбі өз жағдайы туралы ешкімге ашылып айта бермейді. Осы мәселеде Aiden Bot көмегі зор болмақ. Ол мектептегі агрессияның алғашқы белгілерін бірден байқап, дауыс ырғағынан оқушының ішкі сезімдерін таниды. Содан кейін жағдайды мектеп мұғалімдеріне немесе психологке хабарлайды.
Хоспис робот
Адамнан көрмеген қамқорлықты енді робот жасайды.
Хоспис қызметі – бұл ауыр дертке шалдыққан науқастарға медициналық және психологиялық көмек көрсету. Мұндай қызмет түрін енді роботтар да жасай алады. Мысалы, Жапонияда құрастырылған PARO атты робот-итбалық пациенттерге эмоционалдық қолдау көрсеткен. Ол адамдармен байланыс орнатып, өздерін жалғыз сезінбеуіне жағдай жасайды. Осылайша робот науқастың күйзелісін жеңілдетеді. Сонымен қатар қазіргі кезде күтім жасауға көмектесетін роботтар да сынақтан өтіп жатыр.
Апат салдарын жоюға көмектескен
Фукусима-1 атом электр стансасындағы жарылыстан кейін апат салдарын жоюға роботтар көмектескен.
Адамдарға қауіпті радиация деңгейіне байланысты апат аймағында жұмыс істеу мүмкін болмады. Сондықтан роботтар құтқару және қалпына келтіру жұмыстарында негізгі құралға айналды. Бастапқы кезеңде әртүрлі технологиялар радиация деңгейін өлшеуге, жарылған реакторлардың ішін зерттеуге, бұзылған аймақтарға кіруге қолданылды. Олар ғимараттардың жағдайын бағалап, радиация туралы деректер жинап қауіпті жерлерді зерттеді. Мәселен, америкалық Pack Bot пен Warrior роботтары реактор айналасының ластануын анықтау және аумақтың жағдайын бақылауға қолданылды. Ал жапондар жасаған Quince роботы көп қабатты реактор ғимараттарының ішіне кіріп, жағдайды баяндап отырған.