Сурет: ru.freepik.com
Сонымен бірге профессор әр компанияның жасанды зерде саласындағы сәтті жасаған қосымшаларын таныстырды. Мысалы, «Google» компаниясының «Gemeni», «Amazon» компаниясының «Cloude», «Microsoft» компаниясының «Open AI», «ChatGPT» өнімдерінің бір-бірінен ерекшелігі мен оны тиімді пайдаланудың қажеттілігін тілге тиек етті.
«Адам қашанда бірдеңе білсем деген ниетпен өмір сүреді. Ал ол ештеңе үйренбесе, дами алмайды. Қазір бұл жағдай тіптен өзгерді. Күнделікті тіршілікте мыңдаған нейронның өз рөлі бар екенін айтамын. Бір нәрсені үйренуге көп уақыт кетуі мүмкін. Бірақ біз одан ләззат аламыз. Бұл Қазақстан қоғамына да тиісті көмегін тигізеді деп ойлаймын», деді білікті сарапшы.
Қалай десек те, жасанды интеллект қосымшалары өмірімізді көп жеңілдетеді. Бірақ күнделікті өмірде оған тәуелді болудың да тиімсіз екенін білу маңыз. Барбара Оаклидің айтуынша, әсіресе студенттер жасанды зердені көп пайдаланады, бұл олардың білім алу барысындағы қиындықты сәл де болса жеңілдеткенімен, бір жағынан, оларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан профессор қандай істе болсын мың ойланып, жүз толғанудың пайдасы зор екенін түсіндірді.