Медицина • 23 Қазан, 2024

Елімізде алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді

Фото: gipermed.ru

Айта кетерлігі биылдан бастап құрметті атақтар қатарына «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы қосылды.

Осы жылы бұл жаңа құрметті атақты бірінші болып «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры А.Байгенжин, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гематология орталығының басшысы В.Кемайкин және Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері Б.Цхай иеленді.