Фото: Depositphotos
Игорь Лепеха алдағы уақытта осы мәселені тиянақтайтын заңға қол қойылатынын айтты.
Жоспар ретімен жүзеге асса, Қазақстанда мопедтер 1 желтоқсаннан бастап тіркелуі мүмкін.
«Қазір тиісті құжатқа қол қойылады. Қарашаның аяғына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз және шартты түрде 1 желтоқсанда тіркеуді бастаймыз. Алдағы уақытта техникалық жағдайға қойылатын талаптар жоқ. Алдымен сәйкестік, нөмірлердің бар-жоғын және басқасын қараймыз», деді Игорь Лепеха.
Бұған дейін мопедтерді тіркеу ережесіне «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен мопедті басқару құқығы расталатын түзету енгізу көзделіп жатқаны хабарланған. Сонымен қатар «А» және «В» санаттары да мопедті басқару құқығын растайтыны айтылған.