Оқиға • 24 Қазан, 2024

Астанада шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдік ұсталды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық әуежайында Қазақстанның жалған төлқұжатын пайдаланып шекарадан өтпек болған өзге ел азамат ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдік ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Тиісті шара қолдану үшін материалдар полиция органдарына берілгені хабарланды.

«2024 жылдың басынан бері шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және шетелдік төлқұжаттарды пайдаланудың 198 фактісін тоқтатты», делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жалған құжат қолдану бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бұған дейін  шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтаған. 12 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.