Фото: ашық дереккөз
Ғылыми тағылымдамаларға құжат тапсыру мерзімі 2024 жылдың 22 қарашасына дейін ұзартылды (қоса алғанда, ️18:30-ға дейін.)
Үміткерлер өтінімдерін bolashak.gov.kz порталындағы «Үміткердің жеке кабинеті» бөлімінде тапсыра алады.
Сондай-ақ, «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау 2024 жылдың 25 қазанына дейін жалғасады (қоса алғанда, 18:30-ға дейін).
Өтінімдер «Электронды үкімет» порталы egov.kz арқылы қабылданады.
Үміткерлерге қойылатын барлық талаптар, басымдық берілген мамандықтар тізімі, сондай-ақ бағдарламаға қатысатын университеттер мен ғылыми орталықтардың тізімі bolashak.gov.kz ресми сайтында көрсетілген.
«Болашақ» және ғылыми тағылымдама бағдарламаларының тарихында алғаш рет құжаттарды қабылдау үздіксіз және толықтай онлайн-режимде жүргізіледі, құжат тапсыру үшін Астанаға келудің қажеті жоқ.