Аймақтар • 25 Қазан, 2024

Атырауда әйелдер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-18 қазан күндері Атырауда дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының  мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда әйелдер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Іс-шараларға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының  мүшелері, теологтар, дінтанушылар қатысты. Бұл қатарда  Атырау облысы, «Шапағат» ДДА жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ теолог маманы Нұрғалиева Айнагүл Ізтелеуқызы, «Қарағанды облысы, конфессияаралық проблемаларын зерттеу және талдау орталығының» психолог маманы Алпысбаева Назым Сейітханқызы, Маңғыстау облысы, Дін істері басқармасы «Діни бірлестіктермен байланыс және діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы, «AMANAT» партиясы, Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шамшадинова Анар Амангелдіқызы бар.

Іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Атырау қаласы, Махамбет, Исатай, Доссор және Мақат аудандарының мешіттегі әйел жамағатымен, түзету мекемесіндегі жазасын өтеуші әйелдер, жастар, жергілікті тұрғындармен «Қазақстандағы білімнің зайырлы және прогрессивті сипаты», «Зайырлы қоғамдағы әйел рөлі және әйелдің әлеуметтік рөлі», «Дәстүрлі ислам құндылықтары мен радикализмнің аспекілері», және өзгеде тақырыптар аясында кездесулер өтті.

оо