Президент • 26 Қазан, 2024

Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.