Фото: «Қазақ елі» мультфильмінің скриншоты
Дәл сол жылы алғашқы анимациялық технологияның шығуына 110 жыл болған еді. 1892 жылы 28 қазан күні Парижде суретші Эмиль Рейно алғаш рет қозғалып тұратын суреттерді көрсететін «праксиноскоп» аппаратын таныстырған. Бұл қазіргі мультфильмдердің шығуына жол ашқан.
Қазақстанда алғашқы анимация 1967 жылы шыққан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты туынды болды. Режиссер Әмен Қайдаров бұл мультипликациялық фильм үшін Ленинград қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда (1968), Нью-Йорктегі Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде (1975) жүлде алған.