Таным • 29 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: Төрт күндік жұмыс аптасы

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Исландиядағы қызметкерлердің 51 пайызы төрт күндік жұмыс аптасына көшті.

Ғалам ғажаптары: Төрт күндік жұмыс аптасы

2015–2019 жылдар аралығында аталған мемлекетте жаңа кестені енгізуге арналған қанатқақты жобалар басталған еді. Бұл тәжірибе 2500-ден астам қызметкерді қам­тып, олардың жұмыс аптасы 40 са­ғат­тан 35–36 сағатқа қысқартылды, бірақ жалақы төмендетілмеді. Зерттеу нәти­желері жұмыс өнімділігінің айтар­лықтай жақсарғанын көрсетті. Қазір Исландия экономикасы Еуропаның көп мемлекеттеріне қарағанда қарқыны өсіп, жұмыссыздық деңгейі ең төменгі көрсеткішке жеткен.

 

«Кішкентай Ханзада» – 1 миллион доллар

ва

Антуан де Сент Экзюперидің әйгілі «Кішкентай Ханзада» кітабының түпнұсқа қолжазбасы Абу-Дабиде бәссаудаға шығарылмақ.

Құнды жәдігер 1 миллионнан астам долларға бағаланып отыр. Өйткені кітапта автордың өзі енгізген түзетулер мен ескертпелер де бар екен. «Guardian» басылымы дәл осындай үш-ақ нұсқаның сақталғанын айтады. Бұл кітапқа қаламгер: «Маңдайдағы көз көрмегенді көкірек көзі байқайды», деген атақты нақылын жазған. Айта кетейік, бәссауда қараша айының аяғында өтеді.

 

Ақыл айтатын қалпақ

ва

Ресей өнертапқыштары мамандық таңдауға көмектесін қалпақ ойлап тапты.

«Neiry» биотехнологиялық зертханасы дайындаған «Брейни» жүйесі оқушының белгілі бір кәсіби салаға бейімділігін анықтайды. Құрылғы әуелі баланың 15-тен астам қабілетін екшеп алып, соның ішінен 3 мамандықты ұсынады. Бүгінде бұл қызметті кейбір университеттер, оқыту платформалары қолдана бастады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50