Қоғам • 29 Қазан, 2024

Мереке қарсаңындағы марапат

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, Мемлекет басшысының атынан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлеріне, журналистерге, ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Мереке қарсаңындағы марапат

«Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Респуб­лика күнімен шын жүректен құт­тықтаймын! Кеше Прези­дент Жарлығымен еліміздің дамуына зор үлес қосып жүрген бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өнер қайраткерлері, белгілі қаламгерлер, ғалымдар, түрлі саланың өкілдері, ең бастысы, қарапайым еңбек адамдары бар. Бұл Мемлекет басшысының қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құнды­лық­тарын дәріптеу бастама­сының айқын көрінісі екені сөзсіз», деді министр.

Президент Жарлығымен ақын Исраил Сапарбайға «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.

«Қазақстанның халық әртісі» атағына театр әртіс­тері Жәмиля Баспақова, Ольга Коржева, Лидия Кәден, Рихан Мах­пирова ие болды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы Татьяна Костюченко­ға, Марзия Мамидолдина­ға, Сафуан Рысбайұлы­на, Сергей Поповқа, Ажар Юсуповаға, Олег Тата­мировқа берілді.

Сонымен қатар бірқатар азамат «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен ең­бегі үшін» медалімен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен марапатталды.